Ақмола облысы білім басқармасының " Шортанды ауданы,Шортанды кенті,№14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КГУ Кабинет психолого-педагогической коррекции № 14, п. Шортанды

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шортанды ауданы, Шортанды кенті №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылға арналған есеп.

02.03.2023
  1. Жалпы ережелер
  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Ақмола облысы білім басқармасының "Шортанды кенті, Шортанды ауданы, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ. Байланыс деректері: 8 (71631) 35316;

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәлеметтер:

"Шортанды кенті, Шортанды ауданы, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ-де 1 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу".

     2022 жылы "№ 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы " КММ 87 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

      - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 83 ;

      - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 4.

      Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

     2021 жылы "Шортанды кенті, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

       - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер 33 қызмет;

       - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 3 қызмет.

 

 

 

  1. Барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында барынша талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

"Білім беру ұйымдарында балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін құжаттарды қабылдау".

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0031.shortandy.aqmoedu.kz " Шортанды кенті, Шортанды ауданы, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті "КММ" Мемлекеттік қызметтер " бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ұйымда ақпараттық стендте Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді           нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау және  талқылау туралы    ақпарат.

 Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария-талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. "№14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы " КММ нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2022 жылы "Шортанды кенті, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ БАҚ-та 1 мақала жарияланды.

 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту болған жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

 Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

5) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасымен одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

 Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

 2023 жылы "Шортанды кенті, Шортанды ауданы, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ жеке және заңды тұлғаларды сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.

 

 

Меңгерушінің м.а                                                     Кенжина Ж.М

 

Орынд. Г.Төлеген

Тел. : 8 (71631) 35316

Просмотров: 14430


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст