Ақмола облысы білім басқармасының " Шортанды ауданы,Шортанды кенті,№14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
КГУ Кабинет психолого-педагогической коррекции № 14, п. Шортанды

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ақмола облысы білім басқармасының "№14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы " КММ Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Ақмола облысы білім басқармасының "№14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы " КММ

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психофизикалық дамуы мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде. Баланы дамытуға бағытталған оқытуға ата-аналарды тікелей қатыстыру мәселесі басты орындардың бірінде тұр. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін көмектің тиімді болуы үшін отбасы жағдайында, білім беру ұйымдарында дамуында проблемалары бар балаларды оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған түзету-дамыту жұмыстары жүзеге асырылатын қажетті жағдайлар мен орта құру маңызды.

Сонымен қатар мамандардың, дәрігерлердің және ата-аналардың жүйелі, мақсатты және кешенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ түзету-дамыту тәрбие және оқыту бағдарламалары болған жағдайда арнайы түзету мекемесінде оң динамикаға қол жеткізуге болады. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті өзінің құрылымы бойынша жоғарыда аталған көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мекеме болып табылады, өйткені оның құрамында мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық ырғақ педагогі қызмет атқарады.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы, Шортанды кенті, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызмет 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (ата-ана немесе заңды өкіл) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы құжаттар топтамасын ұсынады.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) еркін нысандағы өтініші;

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей ұсынылған кезде, жүгінген күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдап, тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.

Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу мүмкіндігі қарастырылған.

«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «Отбасы» бөлімінен электрондық мемлекеттік қызметті таңдайды, электрондық сұрау салу нысандарын толтырады және құжаттар топтамасын тіркейді.

Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды. Құжаттарды қарағаннан кейін басшы оларды балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және оңалтуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын өткізеді.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының ұзақтығы 90 күннен 365 күнге дейін.

Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мамандарының командалық бағалауы негізінде нысан бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтама беріледі.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні көрсетілетін қызметті алушыға беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы, Шортанды кенті, №14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұма аралығында қоса алғанда жұмыс істейді.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру:
сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мекенжайы: Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі, 91.

Байланыс телефоны: 8 (71631) 35316.

 

 

                                                                                                            Абдуллина Г.С.
                                                                   «Ақмола облысы білім басқармасының
                                                                       Шортанды ауданы, Шортанды кенті,
                                                                       №14 психологиялық-педагогикалық

                                                                                              түзету кабинеті» КММ
                                                                               басшысының міндетін атқарушы

 

№ р/с Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5

Текст