2024 жылғы мемлекеттік қызмет туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының" Шортанды кенті, Шортанды ауданы, № 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті"КММ. Заңды мекен-жайы: Шортанды кенті, 50 жыл қазан 91.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының "№ 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы" КММ 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 57 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 49 қызмет;
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 8 қызмет.
2. "Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау".
2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 2 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 0 қызмет;
- қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 2 қызмет.
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған sc0031.shortandy.aqmoedu.kz Ақмола облысы білім басқармасының "№ 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шортанды кенті, Шортанды ауданы" instagram @kppk_14 сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті нормативтік құқықтық актілерді әзірленеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2024 жылы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 мақала жариялады, Instagram парақшасында 1 тікелей эфир өткізілді. БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АЖО жүйесінде жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және 2 жауапты қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2 қызметкердің мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде біліктілігін арттыру сертификаты бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2024 жылы бақылау іс-шаралары өткізілген жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға "Ақмола облысының білім басқармасы" ММ ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы Ақмола облысы білім басқармасының "Шортанды кенті, Шортанды ауданы, № 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.